Ресей мемлекеттік Думасы ЛДПР фракциясының басшысы Владимир Жириновский өткен жылда өз қаржысын 15 есеге көбейтті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Жарияланған декларацияға сәйкес ол 2016 жылы 79,1 млн рубль(1,4 млн доллар) ақша тапқан. Ал 2015 жылы ол 5,3 млн рубль қаржы тапқан болатын.
Жарияланған материалда депутаттың бұл ақшаны қалай тапқаны белгісіз. Бір анығы, Думаның ең көп сөйлейтін депутаты «қызыл тілмен» қаржы табудың жолын тапқан секілді.