Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) 3 сәуір күні Петербор метросында теракт ұйымдастырды деген күдікпен Орталық Азияның тумасы 27 жастағы Аброр Азимовты ұстады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
ФҚК мәліметінше, Аброр Азимов терактіні ұйымдастырушы Қырғызстан тумасы Ақбаржон Джалиловты дайындаған. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Азимовты темір жол бойында ұсталған.
Жедел қызметкерлердің бірі күдіктіден: «Сізді не үшін ұстағанын білесіз бе?», - деп сұрады. «Иә», - деді Азимов. Кейін одан тапанша мен екі смартфон тәркіленді. Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко ТК терактіні ұйымдастырушыларды анықтауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 3 сәуір күні Петербор метросының «Сенная площадь» бекетінде жарылыс болды. Салдарынан 14 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанды. Ажал құшқандар арасында Қазақстан азаматы, Петербор мемлекеттік экономикалық университетінің студенті Максим Арышев болды.