«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Сүйе білсең...» телехикаясы эфирге шығады

/uploads/thumbnail/20170710025236166_small.jpg

20 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Сүйе білсең...»  телехикаясының тұсаукесері өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Телехикая болашағынан көп үміт күттіретін жас футболшы жайында болмақ.  Дамир мықты футболшы болуды армандайды. Бірақ, дәл  Еуропалық клубтың жаттығу жиыны алдында аяқ астынан жол апатына  ұшырап, аяғын сындырып алады. Дәрігерлер енді  оған футболмен айналысуға болмайтынын кесіп айтады. Бұл  қайғылы жағдайдың орын алғанына, ол өзінің бұрынғы жүріп жүрген  қызы Динараны кінәлайды.

Дамир өз өмірін футболсыз еш елестете алмайды, көңіл-күйі құлазып үлкен күйзеліске түседі. Ол күш-жігерін жинап, қанша жерден бұрынғы қалпына түскісі келгенімен, жарақаты сыр береді.

Біраз уақыттан соң, ол спорт колледжіне жаттықтырушы болып орналасуға бел буады. Ол жерде достарымен қатар дұшпандары да пайда болады. Бірақ оның басты мақсаты футболдан мықты команда құру. Дамирдің тағдыры не болмақ?  Ол ең мықты команда құра ала ма?

20 сәуірден бастап, 21:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан  «Сүйе білсең...»  телехикаясын жіберіп алмаңыздар!

Басты рольдерді  Жандос Айбасов, Қуаныш Керімқұлов, Гүлнәз Жоланова және Камшат Жолдыбаева сомдайды. 

Қатысты Мақалалар