АҚШ-та Аризона штатындағы Эйвондейл қаласының департаментінде полицей офицері етіп кесіртке сайланды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі mashable.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Айро лақапты кесіртке полицей белгісін алып әскери ант қабылдаған. Алғаш рет Айро полиция департаментіне былтырғы жылдың 1 сәуірінде- яғни күлкі күнінде келген екен. Сол кезден бері кесірткенің енді полиция қызметкерлері ұйымның мүшесінің біріне айналатынын айтып қалжыңдаған.
«Зерттеулерде белгілі болғандай, кесірткелердің кейбір заттарды сезіп, табуға ерекше икемі бар екені анықталған» деп қалжындаған көрінеді құқық қорғау қызметкерлері.
Сол кезден бері кесіртке департаменттің ерекше сыйлы мүшесіне айналған.