Аргентинада футбол жанкүйері матч кезінде қайтыс болды. Қайғылы оқиға «Бельграно» және «Тальерес» командаларының арасындағы ойында болған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Daily Mirror-ға сілтеме жасап.
22 жастағы Эмануэля Бальбоға «Бельграно» фанаттары шабуыл жасаған. Олардан қорғанамын деп жігіт 3 метрлі биіктіктен құлап, көз жұмды.
Жанкүйерлер не үшін шабуылдағаны белгісіз. Күдікті ретінде 4 адам ұсталды. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.