Ақмола облысында су тасқыны салдарынан 400-ге жуық үй суға кетті

/uploads/thumbnail/20170710025521075_small.jpg

Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдарымен және де Көкшетау техникалық институтының курсанттарының күштерімен бүгінгі таңда Атбасар ауданындағы су басу аймақтарынан 1340 астам адам, 170 бас ауылшаруашылық жануарлары құтқарылды. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысыныда Ақмола облысы бойынша Төтенше  жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапрағатов баяндады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысы аумағында ауа райы жағдайларына байланысты  көктемгі тасқын ахуалдары орын алды. Осылай апат салдарынан 5 аудан зардап шекті, соның ішінен ең күрделі жағдай Ақмола облысының Сандықтау және Атбасар аудандарында қалыптасты.

Атбасар қаласында қорғаныс бөгетінде 5 жерден бұзылды, соның салдарынан 130 тұрғын үйлерді су басты. Атбасар ауданындағы үлкен тасқын салдарын жою үшін Ақмола  облысының ТЖД инертті материалдармен толтырылған қаптардан бөгеттер жасау жұмыстары жүргізілді.

«Қазіргі уақытта Атбасар ауданында 10 мыңға жуық қаптармен 2 метр биіктікте және ұзындығы 205 метр болатындай бөгет құрылды», - деп, Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов баяндады.

Сандықтау ауданында 6 елді-мекен және 240 үй тасқыннан зардап шекті. Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ су басқан аумақтардан тұрғындарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 570 адам құтқарылды. Ауыл шаруашылық жануарлардың 160 бастан астамы қауіпсіз аумақтарға айдалды.  Барлық көрсетілген жерлерде инертті материалдармен үйлерді және дамбаларды салу жұмыстары жүргізілді, тасқын суларды каналдар арқылы бұру бойынша жұмыстары, кезекшіліктер ұйымдастырылды.  Жол арқылы  арнарлардың асқан жерлерінде жол қызметкерлерімен ескерту белгілері қойылды.

«Барлығы Ақмола облысы бойынша Департаментпен, ішкі істер органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, медициналық апат орталығымен және Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен авариялық-құтқару жұмыстары кезінде  968 адам мобилизацияланған, 248 техника бірліктері, 6 мотопомпа, 11 жүзу құралдары және  1 тікұшақ жұмылдырылған», - деген Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов ақпарат берді.

Атап өтсек, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті базасында 8 сәуірден бастап ақпараттық жедел желі телефоны қызмет істеуде (8-7162-50-26-75).

Манарбек Шапағатовтың айтуынша, қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде тасқын су мөлшері төмендейді деп күтілуде. Қазірдің өзінде Сандықтау ауданында су мөлшерінің төмендеуі байқалды. 

Қатысты Мақалалар