8 жасар қыздың атасы педофилдің басын балтамен шауып алмақ болған

/uploads/thumbnail/20170710025644857_small.jpg

Түргендік 8 жасар қыздың атасы қылмыскердің басын балтамен шауып жазаламақ болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz сілтеме жасап. Сырттағы шуды естіген көршілері қыздың атасын тыныштандырып, учаскелік полицияны шақырады. Туысқандары жәбірленуші қыздың қандай азапты бастан өткергендігі туралы КТК телеарнасына баяндап берді.

2- сыныпта оқитын жәбірленуші қызды оқиға орнынан кездейсоқ өтіп бара жатырған  11- сынып оқушысы Тимурбек Жамаладдинов құтқарып қалды. Ол қылмыскерді қорқытып, қызды үйіне дейін әкеліп тастаған. Соққыға жығылған қыздарының түрін көрген туысқандары қылмыскерді дереу іздестіре бастаған. Оның атасы қылмыскердің  басын балтамен шауып  жазаламақ  болған. Бірақ көршілері оны сабырға шақырып, олай жасаудың қажеті жоқ екенін түсіндірген. Осыған байланысты қыздың атасы көршілеріне алғыс та айтады. Осы оқиғаға байланысты көптеген пікірлер жазылып жатыр. Көпшілігі қыздың атасының жасаған іс-әрекеті орынды деп білсе, кейбіреулері мемлекет жазалау керектігін айтады. Полиция қызметкерлері қылмыскерді қолға түсірді. Қылмыскер 1985 жылғы түргендік тұрғын екендігі белгілі болды. Осы оқиғадан кейін жәбірленушінің туыстары 12 сағат бойы бір ауруханадан басқа ауруханаға жүгіргендігін айтады. Олардың айтуы бойынша ешқандай аурухана алғашқы көмек көрсете алмағандығымен қоймай томография үшін ақша талап еткендігін де айтып берді.

Қазір ауруханада жатқанына 3 күн өтсе де қыз әлі күнге дейін өз-өзіне келмеген екен. «Бұл жағдайға тек педофил ғана кінәлі емес, медицина қызметкерлері де жауап беруі керек» -, дейді жәбірленушінің туыстары. 

Қатысты Мақалалар