ЭКС-ПРЕМЬЕР СЕРІК АХМЕТОВКЕ ІШІНАРА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710025713530_small.jpg

 «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай қамауда отырған бірқатар шенділерге рақымшылық жасалды деп хабарлайды Qamshy.kz Бұл туралы кеше ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті Today.kz сұрауына ресми жауабында мәлімдеген.

Рақымшылыққа ілінгендер арасында Сыбайлас жемқорлық баптарымен сотталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов пен бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев рақымшылықпен босап шыққан.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Өміряев пен ұлттық компания департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновтің босап шыққаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растап отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмір             яев мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарда көмек көрсеткені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылған болатын. Ал Үсенов ұлттық компания қаражатын аса ірі көлемде иеленіп, ысырап ету жолымен 200 миллион теңге ұрлағаны үшін айыпталды.

Ал, экс-премьер Серік Ахметовке жасалған рақымшылық болса тек жазасының өтелмеген бөлігі ¼-ге қысқарды. Сондай-ақ, ол қамаудың жеңіл жағдайына ауыстырылған. Серік Ахметов және «EXPO-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев оқыту тәрбиелеу орнының өндірістік аймақтарында жұмыспен қамтылған.

Еске салсақ, Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовке 2015 жылы 11 желтоқсанда «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «өкілетін асыра қолданды» деп айыпталып 10 жылға сотталды. Ол Қарағанды облысы Қарабас елді мекеніндегі ел арасында «КарЛаг қақпасы» аталып кеткен АК 159/18 түзеу мекемесіне этаппен жіберілген еді. 2016 жылдың 14 наурызында Қарағанды облыстық соты апелляция бойынша Ахметовтің жазасын 8 жылға түсірді. 

Ол сотталған 2015 жылдың 11 желтоқсанынан қазіргі күнге дейін 1 жыл 4 ай 7 күн (495) күн уақыт өтті. Сондай-ақ, оның үй қамауында отырған бір жыл 23 күні (2014 жылдың 18 қарашасынан сотталғанға дейінгі) ҚР ҚК 62 бабы, 4 тармағына сай 6 ай 11 күн жазасын өтеген болып саналады. Яғни, Ахметов 8 жылдың қазірге дейін 1 жыл, 10 ай 18 күнін өтеп болды. Ендігі қалған 7 жыл бір жарым ай төртке қысқарса, Ахметов әлі 5 жыл 4 ай қамауда отырады. 

Серік Ахметов: 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарып, отставкаға кеткен. Бұдан соң ол қорғаныс министрі болып тағайындалып, сол жылы қазан айында қызметінен босатылған еді. Серік Ахметов оған дейін Қарағанды облысы әкімі (2009), премьер-министрдің бірінші орынбасары (2012) қызметтерін атқарған. 

Қамаудағы журналист Сейітқазы Матаевқа да «Рақымшылық туралы» заңының 4-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағына сәйкес рақымшылық жасалған, оған сай оның жазасының тең жартысы қысқартылады.

Қатысты Мақалалар