Мүслім Өмірияев пен Қажымұрат Үсенов рақымшылыққа ілінді

/uploads/thumbnail/20170710025720217_small.jpg

Ауыл шаруашылығы экс-вице министрі Мүслім Өмірияев пен «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылыққа ілікті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.  

Естеріңізге сала кетейік, Мүслім Өмірияев 2014 жылы 100 000 доллар  пара алды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған.Ол сот шешімімен қатаң түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан. 

Ал Қажымұрат Үсенов "Астана ЭКСПО"-ға тиесілі 214 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған. «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс дапертаментінің бұрынғы басшысы рақымшылыққа ілінгені туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қажымұрат Үсенов 2013 жылы BMW-Х6 маркалы көлікпен 6 адамды қағып кеткен Мақсат Үсеновтің әкесі. Адамдардың бірі көз жұмған. 

Қатысты Мақалалар