Канадада өзен жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170710025840218_small.jpg

АҚШ пен Канаданың ғалымдары 2016 жылы Солтүстік Америкадағы бір өзеннің жоғалып кеткенін анықтады, деп жазады Қамшы АА.

Lenta.ru порталының мәліметінше, мамандар 2016 жылы Юконда орналасқан Слимс өзені тартылып қалғанын хабарлаған. Өзеннің жоғалуына материктің төменге қарай тереңдеп кетуі себеп болған. Бұл өзгеріс ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат жүйесін бұзып, ағынды суларды солтүстікке қарай емес, оңтүстікке қарай бұрып жіберген.

Ғалымдар бұның себебін жаһандық жылынудан көріп отыр. 2015 жылы ағып жатқан өзеннің жоғалып кеткенін мамандар ғарыштан түсірген суреттер арқылы анықтаған. Сондай-ақ, өзеннің жергілікті экожүйеге әсер еткенімен, адамдарға төндірер қаупі жоқ екенін айты.

Қатысты Мақалалар