Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары және департамент басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізді. Ол Қазақстандағы жетекші саяси бірлестіктің 2017 жылға арналған жұмыстарының басым бағыттарына арналды.
Кездесу барысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі ахуал да назардан тыс қалған жоқ. Облыстық филиалдардың басшылары партия Төрағасының Бірінші орынбасарына күн жылына бастаған елді мекендердің шынайы ахуалы туралы баяндады.
Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның барлық филиалдарына табиғи апаттың салдарынан пайда болған мәселелерді шешуге белсене атсалысуды тапсырды.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу – біздің азаматтық абзал борышымыз. Сондықтан жергілікті жерлерде осы бағыттағы жұмысты жедел әрі жүйелі ұйымдастыруымыз керек», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.