Жапонияда жұмыс күшінің тапшылығынан сатушысыз дүкендер ашылмақ

/uploads/thumbnail/20170710025918250_small.png

Жергілікті билік өкілдері жұмыс күшінің тапшылығынан енді дүкендерде автоматтандырылған жүйе енгізбекші. Дүкендердегі сатушыларды аталған жүйе алмастыратын болады.

2025 жылға қарсы Жапония үкіметі толықтай автоматтандырылған жүйеге негізделген дүкендер қызметіне көшетінін жеткізді. Бұл туралы ақпаратты Қамшы АА Kyodo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай дүкендердегі кез-келген тауар тиісті ақпараты берілген қағаздармен жабдықталатын болады. Аппарат себептке салынған әрбір тауарды есептеп толық төлемін шығарып береді. Жалпы алғанда барлығына 10 секундтай ғана уақыт кетеді деп жоспарлануда.

Мұндай дүкендерді нарыққа шығару үшін кем дегенде бір-екі жыл уақыт қажет болады дейді Жапония үкіметі.

Қатысты Мақалалар