Түркиядағы референдум: Трамп Ердоғанды құттықтады

/uploads/thumbnail/20170710030441114_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Ердоғанды құттықтау мақсатында қоңырау шалды деп хабарлайды ВВС.

Президент Ердоған өз сөзінде: «Түрік тарихында алғаш рет халық өте маңызды конституциялық өзгерістерге дауыс беріп отыр. Осыған дейін өзгерістерді парламент шешетін, бұл жолы халық өз күшін көрсетті. Халық шешіміне өзге мемелекеттер құрметпен қарайтынына сенімдімін», - деді. Алайда, мемлекеттің оппозициялық бөлігі – Республикалық Халық Партиясы дауысты қайта есептен өткізуді талап етті.

Естеріңізге салсақ, референдум конституцияның он сегіз бабына өзгерту енгізу мәселесі бойынша өткен. Егер өзгеріс енгізілсе, елде премьер-министр лауазымы жойылады, президент вице-президенттерді, министрлерді және жоғары шенді өзге шенеуніктерді өз бетінше тағайындай алады. Сондай-ақ, президент сот жүйесіне араласуға мүмкіндік алады, өздігінен төтенше жағдай жариялап, жарлықтар шығара алады.

 

Аударған: Алина Болатбек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар