Тұңғышбай Жаманқұловтың өз кінәсін мойындау кезіндегі видеосы Медеу аудандық соты кезінде айғақ ретінде қолданылды деп хабарлайды Қамшы АА zakon.kz сілтеме жасап.
Еске сала кететін болсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа мемлекеттік қаржыны өз пайдасына жаратты деген айып тағылған болатын. Осы күнге дейін халыққа белгілі әртіс өз кінәсін мойындамаған еді.
«Иә, мен өз кінәмді толық мойындаймын. Өзіме тағылған айыптың орынды екеніне куәлік етемін. Бұл шешімді өз еркіммен қабылдадым және де бұған қатты өкіне отырып, қолмен істегенімді мойныммен көтеремін.»,- дейді ол өз мойындауында.
Осындай жағдайды алғаш рет бастан өткерген соң не істерін білмеген Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін мойындамаған.
Ол «Финикс» фильмінің продюсерінен өз пайдасы үшін 5-6 млн теңге сұраған, бірақ оның себебін айтпаған. Оның айтуы бойынша, ол ақшаны өз үйінің жөндеу жұмыстарына жұмсаған.
Наталья Юдина басында 3 млн теңге берген, бірақ ол ақша Тұңғышбай Жаманқұловтың қажеттілігіне жетпей, тағы да 2 млн теңге алған.
Видеода Тұңғышбай Жаманқұлов келтірген зиянының ақысын өтеуге уәде береді. Сонымен бірге тергеу барысында ешкім мойындауға мәжбүрлемегенін, барлығын өз еркімен мойындағанын айтады. Тұңғышбай Жаманқұловтың мойындау барысында ешкім зиян келтірмегені туралы сот-медициналық сараптамасы да дәлелдеп отыр.
Пікір қалдыру