ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ЖАҒЫМПАЗДЫҚҚА ЖАНЫ ҚАС БОЛҒАН, ҰЛЫ ҚАҒАНДЫ МАДАҚТАП, ҚОЛПАШТАУҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙҒАН

/uploads/thumbnail/20170710063737156_small.jpg

Әлемді жаулаған Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның әлем өркениетіне қосқан 15 игілігі туралы Baq.kz порталы жариялады.

Бүкіл империяның жетім-жесірлері мен мүгедектерге арнап қор ашқан. Оларға ай сайын, мезгіл сайын хан қазынасынан нәпақасын таратып беріп, биліктің тікелей қамқорлығына алып, бағып-қағып отырған. Дүние жүзінде Шыңғыс ханға дейін ұлы патшалар мұндай қайырымдық қорын ашып, мүгедектерге жәрдем етпеген.

Темүжін ұлы қаған тағына отырғаннан кейін өзіне жан тәнімен беріліп қызмет еткен қара халықты қарадан төреге дейін, құлдан биге дейін көтеріп ұлықтады. Халқын хан тұқымының иелігіне бөліп берумен бірге олардың иелік ететін жер көлемін белгілеп, басшылық ететін нояндарды тағайындады. Шыңғыс хан қағанатын орнатуға жан аямай күрескен 88 нөкерін атын атап, түсін түстеп лауазым ұсынып, 95 мыңдыққа бөліп нояндыққа тағайындайды. Бұл туралы «Монғолдың құпия шежіресінің» 202-бабында: «Мемлекет орнатып, елді ел етуге жанкештілікпен атсалысқан серіктерімді «ақсүйек» деп жариялап, күш-қуатын арнаған нөкерлерімді мыңдықтың нояндығына тағайындаймын» деп жарлық түсіріп лауазым таратқан еді.

Бүкіл империяның жетім-жесірлері мен мүгедектерге арнап қор ашқан. Оларға ай сайын, мезгіл сайын хан қазынасынан нәпақасын таратып беріп, биліктің тікелей қамқорлығына алып, бағып-қағып отырған. Дүние жүзінде Шыңғыс ханға дейін ұлы патшалар мұндай қайырымдық қорын ашып, мүгедектерге жәрдем етпеген.

Шыңғыс ханның әлем мәдениеті мен өркениетіне енгізген қайта құру ісінің бірлі жарымын тілге тиек етсек.

1. Монғол елінің мемлекеттік қорғаныс күшін жаңа дәуірде жаңаша жасақтаған. Күш-қуаты толысқан елдермен иық тіресетіндей деңгейдегі қуатты армия болған. Империя орнатқан кезде қоластындағы 30-дан астам елдің қосындарын қолға алып, монғол армиясының темірдей тәртібіне бағындырған.

2. Қағанның және бүкіл халықтың тыныштығын қорғайтын «тұрғақ» атты ішкі әскер «кішіктін» деп аталатын тұрақты милиция іспеттес күш ұйымдарын жасақтап іске қосқан.

3. Ел басқару ісіне әскери және демократиялық билік құрылымын енгізуі бүкіл әлемдік өркениетке қосқан жаңа саяси жүйе болып есептелінді.

4. Ел аумағында әкімшілік территориялық құрылым жасақтап, ел басқарушы және ел ішіндегі басшылардың (шенеунік) міндетін төменнен жоғарыға дейін анықтап берді.

5. «Ұлы жаса» (яса) атты үкіметтік заң шығарып, әуелі монғол елінде, одан соң империя көлемінде іске қосып, бүкіл әлем халықтарының қақ жартысын заңдық құқықта өмір сүруге қалыптастырды. Бұл дегеніңіз әрбір азаматтың құқы заңмен қорғалды деген сөз. «Ұлы жаса» ұлттық этика мен адами норманы ұштастырған ерекше заң.

6. Монғол елін ашық есік елі етіп жариялап, әлем мәдениетін енгізуге жол ашты.

7. Біріккен Монғол империясын орнату арқылы мал шаруашылығын экономикалық негізгі тірегі еткен монғолдар іспетті көшпелі қоғамның өндіріс күші мен өндіріс қаруын түбірімен өзгертіп, көшпелі және отырықшы шаруашылықты елге айналдырып, елдің экономикалық дамуын алға қоя білді.

8. Ұлы Гоби, Хами, Тұрфан, Такала-Макан сияқты шөл далаға құдық қаздырып, кәрзі орнатып аңқасы кепкен қарапайым бұқараның шөлін қандырып, егінін суарып, нәпақасын тауып еңбек етуіне мүмкіндік тудырған.

9. Дүние жүзінде алғаш рет «Үкілі почта (Өдтэй шудан)» деп аталатын мемлекеттік байланыс жүйесін іске қосты. Оны тұрақты әрі ілкімді жүргізу үшін «Өртең (Өртөө)» атты мыңдаған бекеттер жасақтап, қызмет жасатқан.

10. Империя қоластындағы ұлттар мен ұлыстарға дін бостандығын берумен қатар адамдарды дініне, тегіне, тіліне, атақ-даңқына, лауазымына қарай бөліп қарауға заңмен тосқауыл қойды.

11. Батысқа жасаған жорығы еуропалықтардың есін жиғызып, қала мемлекеттен бір орталыққа бағынатын заңдық құқықты мемлекет орнатудың үлгісін көрсетті.

12. Шыңғыс хан ұрпақтары басшылық еткен Киіз туырлықтылар билігі басы бірікпеген орыс халқын біріктіріп, орыс мемлекеттігін құрып берді. Шыңғыс хан жорығы болмаса Орыс империясы орнамас еді.

13. Жетім-жесірлер мен мүгедектерді асырайтын мемлекеттік қор жасақтап іске асырған.

14. Бір ғана монғол тілін ұлтты біріктіруші бас идеологиясы етіп алып, алғашқы әліпбиін жасап, монғолдардың рухани қуаттылығын арттыру ісін алға қоя білді.

15. Ел басшысы – Ұлы қағанды мадақтап, қолпаштауға тосқауыл қойған. Ол өз атында ақша да шығартпаған, мүсінін де жасатпаған. «Ел басы мақтаншақ болса ел іші жарамсақ болады» деп өсиет айтып, ел ішінде жарамсақтар қатарын тыйып тастаған.

Ол, дүние жүзі бір ғана империяның қоластында бір ғана заңға бағынып, бүкіл адамзат бейбіт жақсы өмір сүрсе екен деп армандаған. Сондықтан да қоластындағы халқына жаңа тәртіп биік адамгершілік қасиет дарытуға ерекше мән беріп әсер етті. Шыңғыс ханнан бұрын да, кейін де оның деңгейіне жетпесе де кішігірім патшалар ел басқарды. Біразы Шыңғыс ханның ойлағанына талпынған болар. Демек, біреуінің қарынның қамы, екіншісінің бала-шағасының, үшіншісінің туыс-туғанының қамы, төртіншісінің адами парасатының кемшіндігінен мұндай ұлы іске саусағын да сұға алмай өмірден өткен болар, келешекте де солай болар…

Қаржаубай Сартқожаұлы, түрколог, филология ғылымдарының докторы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар