Адамзат тарихындағы сұмдық қылмыстарды ашқан атақты детективтер (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710073417894_small.png

Қылмыс атаулы қай заманда болсын орын алған. Оған тоқтау жоқ. Кейбір дарынды адамдар болмаса қандықол қылмыскерлерді ұстау  да қиынға соғар еді, тіпті мүмкін болмас та ма еді.  Міне, сондай қилы, шырмаулы қылмыстарды ашып талай қылмыскерлердің жауапқа тартылуына себепкер болған детекивтер туралы танымдық мақаланы Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Танымал, атағы жер жаратын детективтер туралы бестселлерлер жазылады, миллиондаған адамдардың көңілінен шығып та жататыны белгілі. Шерлок Холмс, Эркюля Пуаро, Марпл ханым есімдері детектившілдер қауымы арасында танымал болғанымен, бұлардың бәрі ойдан құрастырылған кітап кейіпкерлері.

Дегенмен де, шынайы өмірде мұндай детективтер болмады деген сөз емес. Тек көпшілігі нағыз шынайы детективтер туралы біле бермейді.

Міне сондай детективтердің бірі Эжен Франсуа Видок.

Француздық наубайханашы отбасында дүниеге келген.  14 жасында өзінің алғашқы қылмысын жасайды. Мұғалімін байқаусызда өлтіріп алған соң, отанын тастап Америкаға көшіп кеткен. Өзінің бүкіл өмірін қылмыстық топтар арасында өткізген. Түрмеден сансыз рет қашып кетіп отырған. Ақырында ол өзінің қызметін Париж әкімшілігіне ұсынады. 1811 жылы арнайы бригада құрып онда бұрыңғы қылмыскерлерді жинайды. Эжен Видок «Қылмыскерді тек қылмыскер түсінеді» деп есептеген. Видок әлемдік детектив саласының атасы болып табылады. Ол алғаш рет өзінің зерттеулерінде сараптама тәсілдерін қолданған. Оқтың өлшемін зерттеу де Видоктың бастамасы болған.

Алан Пинкертон

 Шотландияның Глазго қаласында туылған Алан Америкаға эмиграцияланған. Сол жақта бір қааның шерифі атанады. Ол жұмыс істеген ұйымның басты қағидасы: «Біз ешқашан ұйықтамаймыз»  болған. Ол алғаш рет қылмыскерлерді классификациялаудың алғышарттарын ойлап тапқан. Пинкертон агнеттігі әлі өзінің жұмысын Швецияда жасауда. Пинкртон туралы кітаптар жазылған.

Аркадий Кошко

Минскіде туылған Кошко ауқатты отбасынан шыққан. Әскери қызметте жұмыс істесе де, детектив романдарын жиі оқып бала кезден сол саланы қызықтаған ол криминалистикаға келген. Ол келбет пен саусақ ізі арқылы қылмыскерді анықтауды алғаш рет ойлап тауып қолданған.

Осип Шор

Никопольда дүниеге келген Осип өз балалық шағын Одессада өткізген. Детектив болмаса да, бұзақы топтарды аяусыз жойып отырған. Қылмыскерлермен тығыз қарым-қатынаста болған оның өмірі ауыр болған.

Иван Путилин

23 жасында полицияға жұмысқа тұрады. Қауіпті қылмыскерлерді ұстап өз ісінің маманы екенін дәлелдейді. 27  жасында орден мен медаль алған. Ол өмірінің 40 жылын бойы тонаушылар мен қанішерлер арасында өткізген. 

 

 

АВТОР: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар