Ауруханаға келген жүкті әйелді тексеру барысында медицинада бұрын-соңды болмаған жағдай анықталды

/uploads/thumbnail/20170710083042115_small.jpg

Жақында Барнаулда бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды  деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Алтайдың перинатальді клиникасының мамандары келіп түскен жүкті әйелді қарап шығып, өз көздеріне өздері сенбеді.

Шарана 41-ші аптаға дейін жатырда емес, құрсақ қуысында біткен. Дәрігерлер бірден әйелге операция жасады. Уақыт өткізіп алса өлімге алып келуі мүмкін еді.

Әлемде мұндай оншақты оқиға болған. Сондықтан дәрігерлер осы жағдайға дайын болды.

Жүкті әйелге ота жасай отырып, тәуекелге бел буды. Себебі қатты қансыраудан әйел мен оның баласының өміріне қауіп төнді. Олардың бақытына орай, хирург өте тәжірибелі әрі білікті маман болды. Ол операцияны сәтті жасап шықты.

Дәрігерлер әйелдің туылғаннан жатыр мойнының дамуында ақау болған деп болжайды. Эмбрион ағзадағы қалдықты мүшеге жабысып, ол жарылғаннан кейін құрсақ қуысына түскен.

Анасының бақытына орай қан кетпеді. Себебі оның орналасқан жері мен көлеміне байланысты қансырап өлімге дейін алып келуі мүмкін еді.

Дәрігерлер дені сау баланы дүниеге алып келу үшін қандай күш жұмсағанын ескере отырып, қызын Вероника деп атады. Грек тілінен аударғанда «Жеңіс алып келеді» деген мағына білдіреді.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сәби анасымен бір палатада жатыр.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар