Индонезия мемлекетінің Сурабай қаласының тәртіп сақшылары қасиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz порталына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары бұл күні жол тегістегіш машинамен 100 000-ға жуық ішімдік бөтелкелерін жанышталғанына куә болды. Жергілікті полиция қызметкері Лили Джафардың айтуынша, алкогольді ішімдіктер Рамазан айына дейін Сурабай қаласының барлық түкпірінен тәркіленіп алынған. Сондай-ақ, тексеру кезінде қолға түскен есірткі заттарын да көпшілік көзінше өртеп жіберген.

