Инстаграм қолданушысы көліктің астына әдейі түскен адамның видеосын жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Болған оқиға көлікте орнатылған видеорегистрге түсіп қалған. Видеоның авторы көлікте отырған.
«Кеше кешкісін бұл адам кәсіби түрде көліктің астына түсіп, аяғын созып, көзін жұмым жата қалды...Мен бірден оған барлық жағдай видеоға түсірілгенін және көліктің жасыл түске жүріп бара жатқанын (жылдамдық сағатына 35-40 шақырым), оған жетпей тоқтап үлгергенімді және артқа жүргенімді айтып едім, ол бірден орнынан тұрып, түк болмағандай бопсалайтын басқа адамды табу үшін жол жақа қарай кетті. Жүргізушілер, абайлаңыздар!» деп жазды видео авторы.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет