Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпова қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Әлемдегі ең әдемі боксшы қыз атанған Фируза Шәріпова ресейлік Ольга Забавнаямен жұдырықтасты. Жекпе-жек 10 раундқа созылуы керек еді. Фируза үшінші ранудта-ақ қарсыласын нокаутпен жеңді. Бұл Фируза Шәріпованың бесінші жекпе-жегі.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға қазақстандық боксшы Қанат Ислам, Жаңқош Тұраров шығып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшылар отандастарын кезекті жеңісімен қуантып тастады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет