Жұмаш Кенебай. Құлындағы дауысымды кім естір

/uploads/thumbnail/20170710085929768_small.jpg

Қасиетті «Қазақ тілі» және де

«Қазақ Әдебиеті» пәндерін,

Асырмай құртпақ кәдеге,

Мақтаншақ менің «Мәңгі Елім!..»


 

 

Қуғандар кілең бас пайда,

Жағымпаз «ғалымсымақтар»,

Ауыздарын да ашпауда,

Тұншыққан сан мың сұрақтар!..


 

 

«Қазақ тілі» сонша ма,

Өлтірген кімнің біреуін?

«Қазақ әдебиеті» - болса да,

Керексіз, бәрін білемін...

 


 

Ал, сонда қайран қазағым,

Тұяқ та серіппей өле ме?

Көтеріп сан мың мазағын,

Құл болып құлға көне ме?..

 


 

Бүйткенше отта жанайын,

Тоз-тоз ғып ұлтты үлестір!

Айтыңдаршы, ағайын,

Құлындағы дауысымды кім естір?!!

Қатысты Мақалалар