Қытайдың Хунан өлкесінің тұрғыны Ван 20 жыл бойы өкпесіндегі қаламның қақпағымен өмір сүріп келген. 1990 жылы қақпақ оның мұрнына тұрып қалған да ары қарай өкпеге өткен. Оған кішкентай бала мән бермеген. Ата-анасы ол туралы ештеңе білмеген. Балада қатты жөтел басталған. Уақыт өте келе ол қан түкіре бастаған.

Дәрігерлер баланың өкпесінде қаламның қақпағын тапқанда қатты таңқалғандарын айтады. Ван алты жасынан бастап кеуде тұсында бір жайсыздықты сезетінін айтады. Дәрігерлер эндоскопия жасағаннан кейін қатты зат тыныс алу жолдарына кедергі келтіргенін анықтаған. Сондықтан Ванның тыныс алуы қиындаған.
Дәрігерлер қақпақты алып тастай алды. Бірнеше күннен кейін Ван ауруханадан шықты. Оның сөзінше, ол бұрынғы ауыртпалықты қазір сезбейді.
Шолушы: Сабина Рамазан