Түркияның танымал «Yeni Akit» басылымының бас редакторы Кадир Демирель Ыстамбұлда қаза тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Пышақпен жарақатталған ол бірден көз жұмған. Демирель мен оның қызы және күйеубаласы арасында дау туып, нәтижесінде күйеубаласы Демирельге және оның қызына пышақ сұққан. Демирельдің қызы ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Кадир Демирель 56 жаста болған. Ол Milli Gazete, Sabah daily, Zaman газеттерінде жұмыс істеген. Айта кетейік, «Yeni Akit» басылымы Түркиядағы оппозициялық бағыттағы басылымдардың бірі.
Шолушы: Назерке МҰСА