Бибігүл Төлегенова Димашты көкке көтеріп, Қайрат Нұртасты жер қылды

/uploads/thumbnail/20170710092125969_small.jpg

Қазақтың бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрынғы сұхбаттарының бірінде Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты әнші ретінде мүлдем мойындамайтынын айтқан. Бұл ойынан әлі де айнымаған секілді. Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында берген сұхбатында да дәл сол айтқанын қайталады. Бірақ бұл жолы Димашпен салыстыра отырып сөйледі. 

Өз сөзінде Қайрат пен Димаштың арасы жер мен көктей екенін дөп басып айтты. "Мен екеуі жер мен көктей деп айтар едім. Нұртас деген - жер, Димаш деген -көк".

Бірнеше күн бұрын Қайрат Нұртастың анасы сұхабтында Димаш пен Қайратты мүлдем салыстыруға келмейтінін айтқан. "Димаш Қайрат бола алмайды, Қайрат Димаш бола алмайды" деген сөзі арқылы екі әншінің сахна әлемінде өзіндік жеке орындары бар екенін жеткізді.

Қатысты Мақалалар