Президент пен елдің бірінші ханымы үнемі халық назарында. Алайда балалары көп жағдайда тасада қалады. Түрлі ел президенттерінің қыздары немен айналысады? Қызуғышылықтары қандай және қандай кәсіп иесі? Ол туралы дәл қазір білетін боламыз.
1. Лейла Әлиева (Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің қызы)

Лейла Швейцария мен Британияда білім алған. Сонымен қатар, МГИМО тәмамдаған. Ол нағыз шығармашылық адамы. Өлең жазады, сурет салып, фильм түсіреді.Оның бір өлеңі 5-ші сынып оқушыларының оқулығына енгізлген. Оның «Баку» атты өз журналы бар. Лейла тұрмыстағы әйел. Оның екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін қыз асырап алған.
2. Си Минцзэ (Си Цзиньпиннің қызы)

Си Гарвард университетінде ағылшын тілі мен психологияны оқыған. Қыздың жасы 22-де. Пекинде тұрады. Гарвардта оқыған кезінде лақап атымен жүрген. Алайда оның жанында көп оққағарлар жүрген деген сыбыс бар.
3. Кинга Дуда (Анджей Дудтың қызы, Польша президенті)

Қыздың жасы 22-де. Ол Краковтағы Ягеллонский университетінде заңгер мамандығы бойынша оқиды. Әлеуметтік желіде өте белсенді.
4. Алиса Мэри Хиггинс (Майкл Хиггинстің қызы, Ирландия президенті)

Лиса әкесінің ізін басып келеді. Ол саясатпен айналысады, Ирландияның Ұлттық кеңесінің көшбасшысы және Еуропалық әйелдер клубының мүшесі. 2016 жылы Алисия Ирландияның Сенатына сайланды. Сонымен қатар, ол Дублиндегі Университеттің колледжінде ағылшын тілі мен философиядан сабақ береді.
5. Барбара Берлускони (Сильвио Берлусконидің қызы, Италияның министрлер Кеңесінің төрағасы)

Қыз кішкентайынан шығармашылыққа жақын болды. Ол уақытта Барбара актерлік шеберлік, вокал сабақтарына барды, фортепианода ойнап үйренді. Біраз уақыттан кейін философияға қызыға бастады. Сан-Раффаэльдегі (Милан) жекеменшік университетте философияны оқи бастады. Қазір оның жасы 32-де. Тұрмыста. Екі баласы бар. Барбара «Милан» футбол клубының вице-президенті. Сонымен қатар, FinInvest директорлар құрамына кіреді.
6. Тиффани Трамп (Дональда Трамптың кіші қызы, АҚШ президенті)

Тиффани 2016 жылы Пенсильвания университетінде урбанистика мен әлеуметтану бойынша білім алған. Одан кейін оқуына Гарвард университетінде жалғастырды. Онда заңгер мамандығы бойынша білім алды. Тиффани музыканы жақсы көреді. Оның Like a Bird атты өз әні де бар.
7. Иванка Трамп (Дональда Трамптың үлкен қызы, АҚШ президенті)

Иванка жеткіншек кезінде сәнбике болғысы келген. Оның суреті жеткіншектерге арналған Seventeen журналының мұқабасына шықты. Алайда өсе келе кәсіпкерлікті таңдап, әкесіне көмектесті. Ол ресми түрде Трамптың көмекшісі болып есептеледі.
8. Екатерина Тихонова (Владимир Путиннің кіші қызы, Ресей Президенті)

30 жастағы Екатерина ММУ механико-математикалық факультетте жұмыс істейді. Ол акробаттық рок-н-роллмен айналысады. Тіпті чемпионаттарға да қатысып жүр. Швейцарияда бесінші орын алып үлгерген. Тұрмыста.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет