Сәбидің жасы бір жарымға толғанда ол тәтті ұйқыға кеткен. Сол сәттен бері сәби 5 күндеп ұйқы құшағында болады. Арасында тек жарты сағатқа ғана оянып отырады. Бүлдіршіннің дерті жайлы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап жазады.
Сәбидің есімі - Аня. Түскі ас уақытында анасы сәбиін тыныштандыра алмаған. Сәби риясыз күлкімен, қызу ойын үстінде болған. Кенеттен орындықта отырған күйі Аня ұйықтап кеткен. Оқиғаның мән жайын сәбидің анасы Александра Мателкина баяндап берді.
Сол ұйқыға кеткеннен Аня ертеңіне таңертең де, тіпті бір апта өтсе де оянбаған.

Қыздары бұл жағдайға ұшырағанша қалыпты өмірін сүріп жүрген бақытты бала болған. Дәрігерлер сәбиді тексерген кезде денсаулығынан ешқандай кілтипан таппаған.
Александраның анасы Анитаның айтуы бойынша ертегі кейіпкерлері секілді бір мезетте немерем ұйқыға кетті. Оны ешкім оята алмаған болатын деп мәлімдеді.
Аня оянған кезде ата-анасы жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер қыздың жағдайы бір қалыпты екенін айтқан. Тек жүрек соғысы жиілеп кеткенін хабарлаған. Сонда да ауруханаға апаруды жөн санаған.
Анасы қызын комаға түсіп қалды деп ойлаған, бірақ дәрігерлер қыздың тек ұйықтап жатқанын айтқан.
Бірнеше күннен кейін Аня оянған сәтте ата-анасын іздеп, тамақтанған. Дәрігерлер кезекті тексеруін жүргізген сәтте қыздың денсаулығының мықты екенін жеткізді. Сол себепті ауруханадан шығарып, үйіне шығарған.
Келесі таңда қызының қайта тәтті ұйқыда жатқанында анасы оята алмаған.

Отбасының дәл осы қалыппен өмір сүріп жатқанына жыл толды. Ол бірден оянып, қайта ұйықтап қалады.
Сотниковтар отбасы Первоуральск қаласында бір бөлмелі пәтерде тұрады. Үйдің іші толған Аняның суреттері. Ата-анасы қыздарын бір сағатқа оянған кезде түсіріп үлгереді екен.

Аняның медициналық кітапшасында «Гиперсомния» диагнозы қойылған. Дәрігерлер қыздың неге көп ұйықтайтынын анықтай алмағандарын мойындап отыр.
Басында қыздың ми бөлігі зақымданған деп ойлаған. Тексеру еш нәтиже бермеді. Артынша қыздың жүрегін тексерген. Жұқпалы ауруларға да тексерулер жүргізген.
Аняның ата-анасы білікті дәрігердің жолығып, қызының жазылып кететініне сенгеннен басқа шаралары жоқ.
Дайындаған: Айгерім Таубай