Қанша ауыр болса да бастан өткергенімді халыққа айтып беруді шештім...

/uploads/thumbnail/20170710095858312_small.jpg

Мен қыз босандым. Салмағы 3,300 келі, бойы 50см. Оның дені сау болатын еді, тек кейбір жағдайлар болмаса. Босануым ауырға соқты.  Сәбиім гипоксияға, пневпония, ДЦП-ға шалдықты.

Бұл аурулар маған үкім секілді есітілді. Қызым жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер баланы тастағаның дұрыс болады деді. Әлі жассың тағы босана аласың деп сендірді. Күйеуім де осындай пікірде болды. Алайда мен қызымды тастамайтынымды айттым. Сол кезде күйеуім бұлай тұра алмайтынын айтты да, сонымен айырылысып кеттік. Ол уақытттары жұмыс та, қаражат та жоқ. Қатты қиналдым. Сәбиімді терезеден лақтырайын дедім. Сол кезде алғаш рет оның даусы шықты.

Дәл сол мезетте өз-өзіме келіп есімін Виктория деп қойған қызымды ешқашан тастамаймын деп уәде еттім. Халықтан көмек сұрадым. Барлығы азын-аулақ астарын әкеп тұрды.  Осындай уақыттарда бір ер адаммен таныстым. Ол маған ақшалай көмектесіп, азық-түлік әкеп тұрды. Қызыма үлкен қуыршақ сыйлады. Балалы болғысы келгенін, алайда әйелі екеуі бала сүйе алмағандығын айтқан.

Арада біраз уақыт өтіп екеуміз бірге тұра бастадық. Ол Викторияға қарап, оны «біздің» қызымыз деп айтатын. Көп ұзамай шетелге шықтым, Германияға барып келдім. Бүгін Виктория  25-ке келді. Ал оның інісі Вадим 20-да. Вика болса жүзуден спорт мастері. Вика әкесін қатты жақсы көреді. Ол сыйлаған бірінші қуыршағын да сақтап қойған. Ол толық емделіп кеткен жоқ. Алайда қазір жағдайы әлдеқайда жақсы.

Шын мәніде өте ауыр тақырып болса да, қазіргі аналарға кеңес ретінде айтарым, мойымаңыздар! Өмірде сансыз қиындықтар болады, алайда баланы аяққа тұрғызуға да мүмкіндіктерді өмір өзі береді. Балаларыңызға сеніңізідер, жақсы көріңіздер. Сонда ғана бәрі болады.

Қатысты Мақалалар