Хорхе мен Карлос егіздер. Алайда бір-біріне онша ұқсамайды. Хорхе сымбатты, көңілді жігіт. Ал оның ағасы ірі денелі, көпшіліктің алдында сөйлеуге ұялатын ұяң жігіт.
Олар Колумбия астанасы Богота қаласындағы мектепке барды. Оқуды аяқтағаннан кейін инженер болып жұмысқа тұрды. Жұмыс орнында бұрыннан қызмет етіп жүрген әйел егіздерді көргенде таңқалысын жасырмады.
Келесі күні ол жұмысқа келе жатқан жолда тұратын қасапшыны фотоға түсіріп Хорхеге көрсетеді. Оны көрген Хорзе өз көзіне өзі сенбеді. Фотодағы жігіт өзіне қатты ұқсайды екен.
Фотоны досына көрсетті. Ештеңеден хабары жоқ досы «Фотоға әдемі түсіпсің» деді оған. Кейінірек өзіне қатты ұқсайтын ер адамның Facebook-тағы парақшасын тауып алады.

Оның есімі Уильям екен. Әлеуметтік желіден Уильямның жанындағы ер адамның ағасы Карлосқа қатты ұқсайтынын көріп таңқалады.

Хорхе үйге келіп суретті ағасына көрсетеді. Екеуі туылған сәтте шатастырып алған шығар деп болжайды. Мән-жайды анықтау үшін анасы босанған перинитальды орталыққа келеді. Онда олардың бір күнде, бір орталықта дүниеге келгені белгілі болады.

Қанға сараптамалық талдау жасағаннан кейін, Хорхені өсірген ата-ана оның биологиялық әке-шешесі болып шықты. Ол бұған күмәнданбады. Себебі Хорхе анасы мен әпкесіне қатты ұқсайды. Ал Карлос отбасы мүшелерінен өзгешеленіп тұратын.

Жігіттер «ағайынды» Уильям мен Уилбермен кездесіп, бір-біріне көз ала алмайды. Ауруханада ауысып кеткен ағайындылар бір-бірінен аумайды.
Осы кездесуден кейін олар бір-бірімен жақынырақ танысып, жиі кездесетін болды. Қазір олар бірге үлкен пәтер жалдап тұрады.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет