Адам шошырлық махаббат оқиғасы! Жігіт 8 жасында өз мұғаліміне ғашық болып, 13 жасында әке атанған (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710100124518_small.jpeg

Мерий Кейт пен Вилли Фауло осыдан 20 жыл бұрын танысқан. Ал үйленгендеріне 12  жылдай уақыт болыпты. Олардың 2 ортақ баласы бар.

Вилли қазір 33 жаста, Мерий Кейтпен кездесіп жүрген кезде 6 сынып оқушысы ғана болатын. Ал Мерий Кейт болса сол уақытта 34 жаста болды, сонымен бірге ол 4 баланы тәрбиелеп отырған, күйеуі бар тұрмыстағы әйел болатын.

Мерий Кейт пен Вилли Фауло алғаш рет кездескен уақытта Вилли 2 сыныпта оқитын еді, ал 4 жылдан кейін олар жыныстық қатынасқа түскен көрінеді. Ол кезде Вилли 12 жаста ғана болатын. Қазір 55 жастағы Мери Кейт алғашқы күйеуімен ажырасып, Виллимен бірге болуы үшін 7 жыл түрмеге отырған. Мери түрмеден шыға салысымен олар үйленген екен.

Мери алғашқы баласын олар жыныстық қатынасқа түскен соң 1 жылдан кейін, ал екінші баласын түрмеде дүниеге әкелген.

Осыдан біраз уақыт бұрын олар 12 жылдық мерей тойын тойлаған. Қазіргі уақытта  Вилли бақ орталығында, ал Мери заңгердің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мери мектепте енді жұмыс істей алмайды, себебі ол балаларды жыныстық зорлыққа итермелегені үшін қамалған.

Қазіргі уақытта олар ажырасқысы келетінін мәлімдеген. Олардың айтуынша, ажырасуға себеп болып отырған бір-біріне деген түсініспеушілік пен бір-бірін қиын уақытта қолдай алмайтындықтары екен. 

Бұл ғашықтарды махаббат жасқа қарамайды деп ақтап аламыз ба, әлде мектеп жасынан бастап жыныстық қатынасқа түсу сорақылық дейміз бе? Әркімнің өз пікірі, сезімге байланысты өз ойы бар. Алайда мектеп жасындағы оңы мен солын ажырата алмайтын баланың сезімге берілуі оның әлі ақыл тоқтатпағанының көрінісі болса, ақыл тоқтатқан әйелдің бұл қылығы адам шошырлықтан гөрі , адам ұяларлық іс деп айтар едім. Себебі бала-шағасы бар әйелдің ессіз сезімге берілуі ақтап аларлық дүние емес. Бұл оқиға шетелде болып жатқанымен, жақын арада біздің елде де орын алмасына кім кепіл?! Шетелдегі сәнге үйір болып жүрген жастарымыз да осындай сорақылыққа баруы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласын мектеп жасынан бастап қана емес, мектепке дейін де тәрбиелеп қадағалап жүргені жөн. 

Дайындаған : Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар