Оқиға Пәкістанда болған. 19 жастағы қыз өзін туыс ағасы қарумен қорқытып зорлады деп арыз бергені үшін өлім жазасына кесілмек болды.
Қыздың айтуынша, ол өз үйінде алаңсыз ұйықтап жатқан, зорлықшы сол кезде тап берген. Ол өзін зорлағаны жайында жергілікті полицей қызметкерлеріне айтқан, алайда олар таныс-тамырын іздестіріп заңсыз жұмыс істеуші еді. Панчаят деп аталатын жергілікті заң қызметкерлері қыз әдейі ағасын еліктірген деп бар кінәні өзіне артқан.
Сөйтіп зорлықшының әкесі қосылған бір топ полицей қызметкерлері қызды айыпты деп танып, өлім жазасына кесуді шешеді.
Таразы басында қызға тас атқылап өлтірку немесе құлдыққа сату сынды екі түрлі шешемі тұрған. Ал зорлықшыға қатысты ешқандай кінә артылмайтыны айтылды.
Келесі күні қыз бен оның әкесі заңды түрде жұмыс істейтін полицейге келіп, ресми тергеу жүргізуін өтінді.
Нәтижесінде панчаят мүшелері қамалып, қыз ауылдың сыртқы маңындағы бір үйге жасырынады.
Негізі «еркекті еліктірді» деп айыпталған қызды өзінің туған отбасы жазалауы тиіс, ол Пәкістанда «ар өлімі» деп аталады, яғни қызды өлтіру арқылы отбасының абройына нұқсан келмейді. Ал зорлықшы түрмеге қамалады.
Шолушы: Сабина Рамазан