Кимберли Фугат- қарапайым ғана әйел, бір баланың анасы. Кезінде өзі қалаған жігітке тұрмысқа шыққан, артынша қыз босанған. Алайда 42 жасында Кимберли өзінің жүкітіліктің 13-ші аптасында екенін білген. Жағымды жаңалық отбасындағыларды таңқалдырмай қоймады. Күйеуі Крэг те Кимберлидің құрсағында үш сәбидің жатқанына біршама таңқалған. Ғажайыптың адам өмірін өзгертетініне сендіретін оқиғаны Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман қауымға ұсынады.
Ерлі-зайыптылар екінші рет бала сүюді тіпті жоспарламаған. Отбасына бірден 3 сәбидің қосылатынына біраз уақыт сенімсіздікпен қарап жүрген. Ал Крэг әйелінің біршама жасқа келіп қалғанына уайымдаған.
Уақыт өте келе сәбилер дүние есігін ашуға асығады. Олар жүктіліктің алтыншы айында дүниеге келеді.
Әйе еш қиындықсыз босанады. Дәрігерлер үш сәбидің дүниеге келгенін айтады. Сол сәтте дәрігерлер: «Тағы біреуі» деп таңданып қалады.
5 баланың анасы өмірдегі мүмкін емес көрінген жайттар біздің өмірімізге өзгеріс алып келеді деп мәлімдеді. Өзінің үйренісіп қлағанын жеткізді.
Аздаған уақыт өтісімен бұл отбасыны тағы бір күтпеген жаңалық таңдандырды. Егіздер монозиготты болып шықты. Бұл жағдай 13-тен 1адамда ғана кездеседі екен.
Бұл сәбилер менің өмірімдегі ең үлкен тосын сый болды деп өз таңданысын жасырмады Кимберли. Бүгінде мен өзімді балаларымсыз тіпті елестете де алмаймын деп мәлімдеді.
Дайындаған: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру