Үндістанда 22 адам тірідей өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20170710102138573_small.jpg

Үндістанда автобус жүк көлігімен соқтығысып, артынша алапат өрт шықты деп хабарлайды 24.kz.

Салдарынан 22 жолаушы тірідей жанып кеткен. Тағы 19 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Жол апаты елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған. Оқыс оқиға кезінде жолаушылардың көбі қалың ұйқыда болса керек. Дәрігерлердің пайымдауынша, марқұмдардың жеке тұлғасын анықтау қиынға соғуы мүмкін. Өйткені денелері адам танымастай өртеніп кеткен.

Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, қаза болғандардың отбасы мен жапа шеккендерге өтемақы төленетінін жеткізді.    

 

Қатысты Мақалалар