Алматы қаласы Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінде Саяси қуғын – сүргін құрбардарын еске алып, олардың рухтарына хатым-құран бағыштап, құрбан шалынды.
Елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 1997 жылдың 31 мамырынан бастап, құрбандарды еске алу күнін атап өтуде.
Осыған орай «Ақсай» мешіті де өз жамағатымен саяси құрбандарды еске алды.
Қуғын-сүргін жойқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Оның нәтижесінде, ең алдымен, азамат соғысының аяғында кеңес өкіметі жағына шығып, соңғы жылдарда оған мүмкіндігінше қызмет ете бастаған қазақтың шығармашылық зиялылыры жапа шекті. Және де басқа көптеген көрнекті қайраткерлермен имам және молдар қуғын-сүргінге ұшырады.
Елдің қамы үшін өлімге бас тікті. Қазақ елінің еркін, тәуелсіз болғанын қалады. Тілге дінге бостандық беруін көздеді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу арқылы, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлыматты болдырмауды міндеттейді.