Қазақстанда студенттер мәйітханадағы адам ағзаларын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. Қай оқу орнының студенттері екені белгісіз. Тек формаларына қарап, мәйітханада тәжірибеден өтіп жатқан студенттер деген болжам жасадық. Қай университеттің қай студенті болса да, әрекеттерін ақылға қонымсыз деп бағалауға болады. Қайтыс болған адамның әр мүшесін халыққа жеке-жеке таныстырмақ болған қазақ жігіттерінің қылығы сын астына қалары сөзсіз.