Астана даласын шыбын-шіркей басып қалған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710102053588_small.jpg

 Астана маңындағы шыбын-шіркейге оранған алқапты жолаушылар видоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қазақстан аймақтарының тұрғындары бүгінде шыбын-шіркейдің жемтігіне айналған. Қансорғыш жәндіктер күн санап артпаса, кемитін түрлері жоқ. Әлеуметтік желіде таралған видеоға зер салсақ, шыбын-шіркейлердің даланы түгелдей жайлағанын байқаймыз. Видео авторларының сөзіне қарағанда, бейнеролик Астана маңында түсірілген.

 Желі қолданушылары шыбын-шіркейдің Астана қаласын да жаулап алғанын жазып әлек. Тіпті, көшеде еркін жүру мүмкін емес көрінеді. Ал кейбірі ЭКСПО-ны жыр қылды баяғы. «Олар шетелдік қонақтарды қарсы алуға дайындалып жүрген түрлері ғой» деп мазақ қылды кейбір желі қолданушылары.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар