Ислам банкінің клиенті болудың жолдары

/uploads/thumbnail/20170708150810958_small.jpg
Соңғы кезде қазақстандық қаржыгерлер, үкімет пен парламент Қазақстан үшін жаңашыл болып келе жатқан ислам банкингіне көп көңіл бөлуде. Бұл бағытты дамыту жөніндегі тапсырмаларды Мемлекет басшысы берген. Исламдық қаржыландыру баптары мемлекеттік бағдарламаларға да енгізілген. Дегенмен, ислам қаржы құралдары қарапайым азаматтар үшін әлі де қолжетімді емес, себебі Әл-Хилял сияқты банктердің өзіне депозит ашу үшін кем дегенде 300 мың теңге қажет.

Исламдық банкинг Қазақстанға 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы болған кезде келген. Ол кездері әлемдік нарықта дәстүрлі батыс жүйесіне қарағанда, ислам қаржы жүйесі әлдеқайда тұрақты болып шықты. Шариғат бойыша банкинг жүйесінің белсенді енгізілуі ресми түрде 2009 жылы басталды. Онда, ислам банктері мен ислам қаржыландыру ұйымдарының жұмысы жөнінде заң қабылданған болатын. 2011 жылы мемлекеттік ислам құнды қағаздарын шығаруға рұқсат беретін және ұжымдық ислам құнды қағаздарының эмитент тізімін кеңейтетін тағы бір нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Кейін, үкімет тарапынан ислам қаржыландырылуын дамыту бойынша жол картасы бекітілді. «Біздің еліміздегі ислам қаржыландырылуын дамытудың негізгі мақсаты – инвестициялық ағымдардың диверсификациясы, инвестициялардың өзге түрлеріне бағынышты болмау қажеттілігі. Бұл еліміздің индустриалды даму жоспарын жүзеге асыруға қажетті ұзақмерзімді сыртқы инвестицияларды тарту»,- деп атап өтті Ұлттық банк комитетінің басшысы Дархан Нұрпейісов Қазақстандағы ислам қаржыландырылуын дамыту жөніндегі конференцияда. Оның айтуынша, ислам қаржыландыруылуы саласы мен арнайы заңнама базасын құрғанмен, қоғамымыз ислам қаржысы жөнінде әлі барлығын түсініп, біле бермейді. Қаржыландырудың бастапқы кезеңінде, оның шариғат принциптеріне негізделуі парламентарий мен мемлекеттік шенеуніктердің тарапынан түсініспеушілік туындаған болатын. Ол түсінікті де, өйткені ислам принциптері үйреншікті батыс банктерінің жұмыс схемасына қарағанда әлдеқайда ерекшеленеді. Бұл жоба жүйесінде негізгі ерекшелік не? Егер дәстүрлі банкте табысты депозитке салынған қаражаттың пайызынан табуға болса, ислам банкингі бойынша қаражат белгілі бір жобаға салынады, соңында салымшы табыстың бір бөлігіне ие болады. Бұған қоса салымшы тек табысты ғана бөліп алмайды, тәуекелді де. Жоба іске аспаса салымшы да еш табыс алмай шығынға ұшырайды. «Сіз Әл Хилял банкіне барып, ислам банкингінің принципі бойынша қызметін пайдала аласыз. Бұған қоса онда ешқандай конфессиялық ерекшеліктер жоқ. Бұнда тек банкингтің айырықша түрі, бастысы сыйақы алу емес, табысты бөліп алу»,- деп түсіндірді журналистерге қаржы министрі Болат Жәмішев. Шариғатқа негізделген банкинг тұрақты және салымдарды шынайы экономикамен байланыстыратындықтан адамдарды тартуы тиіс. Алайда, ол халық тарапынан әлі де сұранысқа ие емес. Ислам банкінің тұтынушысы болу үшін исламды қабылдау шарт емес, дегенмен қомақты қаражатыңыз болмаса Әл Хилялға жоламасаңыз да болады. Қарапайым қазақстандық азаматтың исламдағы депозиттің аналогы - «вакаланы» қалтасы көтере бермейді. Банкте түсіндіріп өткендей ұжымдық тұтынушылар үшін инвестициялы депозитті ашу үшін қажетті қаражат көлемі - 7 млн теңге, жеке тұлғалар үшін 300 мың теңге. «Вакаланы» доллармен ашам деуші ұжымдық тұтынушылар-10 мың доллар, жеке тұлғалар- 5 мың доллар салуы тиіс, немесе ұлттық валютадағы эквивалентті сомада да болады. «Менің ойымша, исламдық қаржыландыру бізде енді ғана дамып келе жатқандығын түсінуіміз керек. Қазір исламдық қаржыландыруды ұсына алатын бір ғана банк бар. Тиісінше, Әл Хилял жеке тұлғалармен жұмыс істеуге әлі дайын емес. Біріншіден ол үлкен көлемдегі қаражатты талап етеді және де банк енді ғана табыс таба бастады. Жағдайын жақсарту үшін банк тек ірі ұжымдық клиенттер мен заңды тұлғалармен жұмыс істейтін саясатты таңдады»,- деп түсіндіріп өтті Дархан Нұрпейісов. Оған қоса әңгіме тек жеке ислам банктерін ашу жөнінде. Ал дәстүрлі екінші деңгейлі банктерде ислам құралдарын енгізу идеясынан біз бас тарттық. Әл Халял банкі «аяққа тұрғаннан» кейін немесе елімізде ислам шариғатымен жұмыс істейтін басқа да банктер пайда болып жатса, қаржы құралдары қалың көпшілік үшін қолжетімді болады деп өтті ол. Әзірге орташа кірісі ба.   BNews.kz  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар