Пәкістанның Кветта қаласында террорист актокөлік ішіне салынған жарылғыш затпен полиция басқармасына шабуыл жасады. Бұл туралы Қамшы ақпаратттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. Полиция көлікті тексеріске алғанда террорист жарылғыш затты қосқан. Жарылыстың салдарынан 7 адам қаза тауып тағы 15-і жарақатталды. Олардың 5-і ауыр жағдайда. Қаза тапқандардың 4-і құқық қорғау органдарының өкілдері.
Еске салсақ, 12 мамырда да осы ауданда орын алған террористік әрекет салдарынан 25 адам көз жұмған.
Шолушы: Назерке МҰСА