Талғат Мамашов Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Оның орнына Көші-қон демография агенттігін басқарған Зауытбек Тұрысбеков келді. Оның кандидатурасын Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.
Айта кетейік, Талғат Мамашов 2004 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Жаңа сайланған Зауытбек Тұрысбек бұған дейін көптеген мемлекетік қызметтерді атқарды.
1997 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан - ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Респбуликасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет