Қырғызстанның екі азаматы Ресейде көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170710161248350_small.jpg

Ресейдегі Қырғызстан елшілігі өз елінің екі азаматының өлімін растады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі daylynews.ru мәліметіне сүйеніп.  Қырғызстанның екі азаматы Мәскеуде канализация коллекторымен жүргізілген жұмыс барысында көз жұмды. Елшіліктің хабарлауы бойынша, екі қызметкер Қырғызстан азаматы екені расталды. Сонымен қатар қайтыс болғандар қатарында Украинаның екі  азаматы мен Ресейдің бір тұрғыны бар. Жұма күні мәйіттерді тану жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетсек, кеше, 22 маусым күні Мәскеу қаласы Боженко көшесінде №4 үйдің маңында 5 жұмысшы жан тапсырды. Ал өлімнің себебі, метанға улану деп хабарланды. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар