Әншінің бақытты өмірі аяқталды

/uploads/thumbnail/20170710161247430_small.jpg

Ресейдің жарық жұлдызы Жасмин атақты бизнесмен Илан Шормен  тұрмыс құрғанына алты жылдан асты. Алайды әншінің бақытқа толы өмірі осымен тоқтады.

Себебі, Жасминнің жолдасы  Илан 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ірі кәсіпкер алаяқтық  жолмен ақша тапқан. Кишин  қалалық сот басқармасы Молдава банктернің бірін  тонауға қатысы бар деген айып тағып отыр. Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша  шекарадан бір мезетте 700 миллион доллардан астам ақша алып өткендігі дәлелденіп отыр.

Илан Шор біраз уақыт Bаncа de Economii   банкының  директорлар кеңесінің төрағасы,  сондай-ақ  Banca Sociala  және Unibank банктерінің ірі акционерлерінің бірі болған.

Естеріңізге сала кетейік, Жасминнің  жұбайы Илан  Молдавадағы атақты  бизмендердің бірі саналады. Ірі сауда орталықтары мен компанияларын есепке алмағанда  Air Klassika Executive әуе компаниясының, бірнеше телеарналар мен "Милсами" футбол-клубының  басшысы. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Қатысты Мақалалар