Ақтөбеде алапат дауыл болды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Дауыл салдарынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Батыс-2 ауданында 2 кран құлап, кран 9 қабатты тұрғын үйдің үш балконын қиратып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Төтенше жағдайлар қызметі қазір дауылдан кейінгі шығынды есептеп жатыр. Адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.
«Түскі мезгілде дауыл тұрып, екі кран құлап қалды. 9-қабатты тұрғын үйдің 6, 7, 8 қабатындағы балкондары қирады. Ал бірінші қабаттағы пәтердің терезесі сынып қалды. Қала тұрғындарына дауыл туралы хабарлама берілген жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Динара Атраубаева.

