Аслан Мұхамбетбайұлы Мыңбаев қайтыс болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып. Аслан Мыңбаев 41 жасында көз жұмған.
Бұл туралы мәліметті Мыңбаев модернизация және даму жөніндегі вице-президент қызметін атқарған «ПетроКазахстан Ойл Продакт" компаниясының өкілдері растады. Аслан Мыңбаев 1 шілдеде жүрегі ұстап, қайтыс болыпты.
"Компания ұжымы Аслан Мұхаметбайұлының қазасына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз», - дейді компания өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, Аслан Мыңбаев Алматыда жерленеді. Аслан Мыңбаевтың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың інісі екені белгілі.