Башар Асадтың суреті бейнеленген банкнота шығарылды

/uploads/thumbnail/20170710161918786_small.jpg

Тарихта алғш рет Сирия президенті Башар Асадтың суреті бейнеленген банкнота жарық көрді. Екі мың фунттық ақша Дамаск пен бірнеше провинцияда айналымға енгізілді деп жазады 24.kz. Бұл банкноттар осыдан бірнеше жыл бұрын басып шығарылған екен. Бірақ билік соғыс және валюта бағамының аутқуына байланысты қолданысқа енгізуді кейінге қалдырған. Жаңа банкнота АҚШ долларымен шамалас. Осыған дейін Сириядағы ең ірі ақша құны бір мың фунт болатын банкнота еді. Онда президенттің әкесі Хафез Асад бейнеленген.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар