Мексикада бас сүйектерден құралған мұнара табылды

/uploads/thumbnail/20170710161917623_small.jpg

Мехикода ацтектер дәуірінің Темпло Майор ғибадат ету кешеніндегі қазба жұмыстары кезінде археологтар адамның бас сүйектерінен қаланған мұнараны тапты. Мұнарада 650 адамның бас сүйегі бар. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Диамтері бес метрлік нысан көне тайпаның Күн мен соғыс құдайына арналған ғибадатханасындағы бір бөлменің бұрышында орналасқан. Мамандар әктаспен бірге қаланған 650-ден аса бас сүйекті және мыңнан аса өзге сүйектің бөліктерін тапқан. Аты аңызға айналған осы мұнара туралы испан жаулап алушыларынан белгілі еді. Кортес бастаған конкистадорлар 1521 жылы ацтектердің астанасы Теночтитлан қаласын басып алған болатын. Бұл қаланың қазіргі атауы – Мехико. Тарихшылар мұнара тұтқынға түскен немесе қаза болған жауынгерлердің бас сүйектерінен құралған деп санайтын. Алайда олар қателесіпті. 

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар