Қарағандыда жоғалып кеткен қыз құлдықта болған

/uploads/thumbnail/20170710161926549_small.jpg

Қарағандыда осыдан екі жыл бұрын жоғалып кеткен мүгедек қызды еріктілер тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Rina.kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін полицейлер істі «өлімге» ауыстыруды ұсынған.

26 жастағы Любовь Ноғайбаева психдиспансерде есепте тұрған.  Анасы оның өте ашуланшақ болғанын, кішкентай балаларды үнемі соққының астына алатынын және үйден ұзақ уақытқа кетіп қалатынын айтады.

Еріктілер оны тауып алғанда оның бұрынғы ашуланшақтығының ізі де қалмағанын жеткізеді. Әбден жүдеген қыздың денесі көк ала қойдай соғылған. Анасы оның бұрын нашар ұйықтайтынын айтса, қазір өте көп ұйықтайтынын, адамдардан қорқып қалғанын айтады.

Қазір Любовь Ноғайбаеваны іздеу туралы іс жабылды, алайда ҚР ҚК 1 бөлімі 126 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

 

Қатысты Мақалалар