Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірмеу үшін меморандумға қол қойылды

/uploads/thumbnail/20170710162047137_small.jpg

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру жәрмеңкесінің нәтижесінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қиярға – 58,7 %, қызанаққа – 28,7 %, жұмыртқаға – 27%, қарақұмық жармасына – 13,4 %, күнбағыс майына – 6,6 %, қантқа – 1,8 % төмендеуі белгіленді.

Өнім өндірушілерден тікелей тұтынушыға жәрмеңке арқылы нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылатындай жұмыстар жалғасын табуда. Мәслен, маусым айының басында қатарынан 3200 жәрмеңке өткізілді.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер арасында азық-түлік тауарларын бекітілген бағамен іске асыруға қатысты, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын 10% асырмау үшін сауда субъектілерімен меморандумға қол қойылды.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар