Қазпошта бөлімдерінен тұрғын үй депозитін ашуға болады

/uploads/thumbnail/20170710162059089_small.JPG

«Қазпошта» АҚ мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ортақ келісімге келді. Енді қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына дипозит ашу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арнайы барудың қажеті жоқ. Банк салымшылары тұрғын үй жинақтамасын пошта байланысы арқылы жүргізе алады.

Ол үшін жергілікті Қазпошта бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, өз есіп-шотына 15 000 мың теңге салса болғаны. Депозит ашу пайызсыз, тегін. Банк салымдары мен төлемдері де ақысыз. Бүгінде Қазақстанда Қазпоштаның 800-ден астам бөлімшелері жұмыс істейді. Оның 62% ірі қалаларда, 38% аймақтарда орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ Қаржы қызметтер жөніндегі басқарушы директор Айнұр Күнқожаева мәлімдеді.

-Республика бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 17 филиалы мен 15 қызмет көрсету орталығы және 150 кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Ал, елімізде ең көп филиал желісі бар Қазпошта арқылы бұл мүмкіндіктер арта түсті. Бұл жоба банк қызметтерінің қолжетімділігін көрсетумен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз», - дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары  Жанар Жұбаниязова.

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 950 мың жинақтаушы есеп-шоты ашылып, 460 млрд тенге салым жүргізілгенін атап өтті. Жобаның тағы бір жаңалығы – банк операциялары тегін жүргізіледі. Оған дейін 1% құраған еді. Бұл тараптар арасындағы келісім нәтижесінде қол жеткізілген жағымды жаңалықтар.  

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 13 мыңға жуық үй тұрғызады

 

«Байтерек» ұлттық холдингі мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  бірлесіп «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының дамуына үлес қосады.

- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылы Елбасы жарлығымен шыққан  «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының негізгі орындаушылары боып келеді. Республика бойынша аталған бағдарлама аясында көпқабатты және жекеменшік үйлердің құрылысы жоспарланып отыр,- деп мәлімдеді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары  Жанар Жұбаниязова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция барысында.

Жанар Жұбаниязованың айтуынша,  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 860 мың шаршы метр 13 мың пәтер салыну жоспарда бар. Оған дейін салымшы үшін үй құнының 50% жинау шарт болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30% жинау жеткілікті. Қалған 20% бағдарламаның интегрциясына тиесілі. 

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

жаңа технологиялар жүйесін енгізді

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттеріне қызмет көрсетудегі жаңа технологиялардың енгізілгенін хабарлайды. Биыл мамыр айынан бастап QR–код арқылы төлем жүргізу іске қосылды. Салымшылар үшін смартфон арқылы депозит толықтыру мүмкіндіктері де ашылды. Нәтижесінде клиенттермен жұмыстың сапасы артып, уақыт үнемделген.  

2016 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «ЖССБ 24» жүйесін енгізген болатын. ХҚО-дан  клиенттің төлем қабілетін растайтын анықтамасыз несие рәсімдеу мүмкіндігі болды. Жаңа жүйе арқылы клиент өзінің есеп-шотындағы сомасы мен сыйақы мөлшерін тексеріп, комиссиясыз несие төлемдері жүргізілген. Интернет-банкингтің қызметін пайдаланатын банк клиенттерінің саны 200 мың. Оның 47 мыңы мемлекеттік бағдарламаларда дистанционды түрде қатысқан.

«Кеңесшінің әлеуметтік желісі» жобасы арқылы 110 мың салымшы тіркелген.  Бағдарламаға сәйкес, депозитті үйде немесе кез келген орында ашуға болады. Ол үшін банк консультанты интернетке қосылған планшетпен келіп тіркейді. Жаңа технологиялар банк пен клиенттің арасындағы жұмыстың жайлылығын қамтамасыз етеді, - дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары  Жанар Жұбаниязова. 

Қатысты Мақалалар