Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20170710162100590_small.JPG

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. 18 миллионыншы тұрғын осы жылдың 11 мамырында дүниеге келді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы мамырда Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті, ал 18 миллионыншы тұрғынның туған күні 2017 жылдың 11 мамырына сай келді.

18 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18 миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы балаларды іздеу жолымен анықтады. Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан, тұтастай алғанда республика бойынша анықталды.

18 миллионыншы тұрғын  Алматы облысы Талдықорған қаласында туған. Есімі  Муслима Саматқызы. Муслима отбасындағы екінші нәресте. Туған кезде нәрестенің салмағы 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы – мұғалім, 1982 жылы туған.

Жалпы, Тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, осы жылдың 1 маусымында 18 014,2 мың адамды құрады.

1991 жылымен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 400,7 мың адамға немесе 13,5%-ға өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2,3%-ға азайып, 2016 жылы 131,2 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 1991 жылғы 8,2-дан 2016 жылғы 7,4 қайтыс болғандарға төмендеді. Нәресте өлім-жітімі жаңа туған 1000 нәрестеге шаққанда 1991 жылғы 27,3-тен 2016 жылы 8,6-ға дейін азайды.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 4,7 жылға, оның ішінде ерлерде – 5,3, әйелдерде 4,5 жылға өсті. 2016 жылы өмір сүру ұзақтығы 72,3, ерлерде – 67,9, әйелдерде – 76,9 жылды құрады.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар