Оралда жертөледе тасталған сәбидің әкесі табылды

/uploads/thumbnail/20170710162120101_small.jpg

Оралда жертөледе тасталған баланың әкесі бары анықталды. Арман есімді жігіт ресми хат жазып баласын өзіне қайтаруды сұраған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың әкесі Арман 29 жаста ол Тенгиз ауылында жұмыс істеп жүрген. Арманның айтуы бойынша ол әйел босанған кезде қасында болған. Алайда әйел перзентханадан шығар кезде өз туыстарының үйіне кететіндігін айтқан.

Баланың анасы қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Арман баланың биологиялық әкесі екенін дәлелдеу керек. Ол үшін бала анасының мәлімдесі жеткілікті болады»-дейді құзырлы органдар.

Баланың әкесінің айтуы бойынша ол өзінің екі апталық баласының тасталғанын интернеттен көріп оқыған.

Еске салсақ, 26 маусымда Оралда жертөледе сәби табылған болатын. Полиция тастанды баланың анасының жеке басын анықтаған. Ол 21 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын жергілікті тұрғын болып шыққан. Қылмыстық іске қатысты баласын тастаған ана жазаға тартылатын болады.

Қатысты Мақалалар