Жапон колонизаторлары қуылғаннан кейінгі алғашқыжылдары (1945-1948) көптеген жазушылар өз шығармаларында елінің тəуелсіздігінен үміт етті (Ли Ха Юн (1902 жылы туған), Ким Соп (1906 жылы туған), Ючи Хвандардың (1897-1967) өлең жинақтары). 1948 жылдан бастап əдебиетте антикоммунистік тенденция күшейді. Прозаиктердің аға буын өкілдері (Ем Сан Соп, Чу Е Соп, Ли Му Ен) натуралистік жəне декадентік əдебиет дəстүрлерін жалғастыруда. 1954 жылдан бері француздың экзистенциализмі мен «жаңа сын» концепциясы, т.б. ағымдардың əсеріндегі жас жазушылар бой көрсете бастады. Соғыс, торығу, зарығу жəне абсурдтық тақырыбы Ким Сон Хан (1919 жылы туған), Сону Хвилердің (1922 жылы туған) проблемалық прозаларында белең алды. Ли Дон Джи мен Ли Хен Гидің прозаларында мистицизм жəне арнайы «шығысша ойлау» бағытындағы ізденістер кездеседі. 1960 жылы апрельдегі көтерілістен кейін əдебиетте прогресшіл тенденциялардың қайтадан жандануы байқалды. Оңтүстік Корея шындығын сынайтын, былайша айтқанда қатысу əдебиеті дами бастады.